Атырау, 15 қаңтар 19:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -8
$ 510.43
€ 594.86
₽ 6.49

Атырауда автобус пен арнайы техника соқтығысып, бір адам қаза тапты

125 рет қаралды

13 қаңтар күні таңертең Теңдік станциясы маңында автобус арнайы техникамен соқтығысты.

Жол апаты салдарынан бір адам қаза тауып, тағы үшеуі жарақат алды.

Атырау облысы полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы сағат 08:30 шамасында теміржол өткеліне жетпей болған. Toyota Coaster автобусының жүргізушісі Hyundai Elantra автокөлігін басып озбақ болып, ауа райының қолайсыздығын ескермей, қарсы бағытта келе жатқан "погрузчикке" соқтығысқан. 

Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, төрт зардап шегушінің барлығы ауруханаға жеткізілген. Жолаушылардың біреуі қайтыс болды, ал үшеуі емін жалғастыруда. Олардың жағдайы орташа ауыр деп бағалануда.

Алма ҚАЛУСАРИЕВА

Бүгін, 17:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.