Атырау, 15 қаңтар 16:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -8
$ 510.43
€ 594.86
₽ 6.49

Атырауда көктайғаққа қарсы 250 тонна реагент себілді

Бейнежазба
87 рет қаралды

Атырау қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көктайғақтың алдын алу жұмыстары күшейтілді.

Қала көшелерін қардан тазалау мен тайғаққа қарсы жұмыстарға щеткалы тракторлар, мини-тракторлар және құм-тұз қоспасын себуге арналған арнайы көліктер жұмылдырылды. Барлығы 30-ға жуық техника тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар, 150 жол жұмысшысы үздіксіз қызмет атқаруда.

Кешеден бері қала аумағына шамамен 248 тонна реагент себілген. Бұл шаралар жолдардағы көктайғақтың алдын алуға және көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қалада көктайғаққа қарсы жұмыстарды автоматтандырылған бақылау жүйесі енгізілген. Арнайы техника мен жұмысшылардың тәулік бойы кезекшілігі жолдардың тазалығын қамтамасыз етеді.

Қала әкімдігі тұрғындар мен жүргізушілерге жолда барынша сақ болуды, жылдамдық режимін қатаң сақтауды, арақашықтықты ұстануды және жол қозғалысы ережелерін бұзбауды ескертті.

Бүгін, 15:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.