Атырау, 15 қаңтар 12:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -8
$ 510.43
€ 594.86
₽ 6.49

Атырауда жалған мемлекеттік нөмірмен көлік жүргізген азаматқа жаза тағайындалды

97 рет қаралды

Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 4-бөлігі бойынша іс қаралды.

Бұл бапта көрінеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірі бар көлік құралын басқару әрекеті үшін жауаптылық көзделген.

Сот анықтағандай, 2026 жылғы 10 қаңтарда азамат М. Сұлтан Бейбарыс көшесінде «Мерседес» маркалы автокөлігін жалған мемлекеттік нөмірмен жүргізген. Оның құқық бұзушылық жасағаны әкімшілік хаттамамен, сауал қою хаттамасымен және бейнежазбамен толық дәлелденді.

ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігінде мұндай әрекет үшін 5 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу және 1 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Сот М.-ны кінәлі деп танып, оған 1 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және 1 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыру жазасын тағайындады. Айта кету керек, сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Бүгін, 11:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.