
Қазақстанда 2026 жылы энергетика саласында ауқымды жобалар жүзеге асырылмақ. Ел бойынша жалпы қуаты шамамен 2,6 гигаватт болатын жаңа энергия көздері пайдалануға берілетін болады. Оның ішінде 173 мегаватттық жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) іске қосылады.
Энергетика министрлігінің мәліметінше, негізгі жобалардың қатарында «Текелі энергия кешені» ЖШС бар. Мұнда қуаты 17 мегаватт болатын үш жою қазандығы мен бу турбинасы 2026 жылдың маусым айында іске қосылады. Ал «Атырау ЖЭО» ЖШС 2026 жылдың желтоқсанында №11 турбоагрегат пен №15 қазандықты пайдалануға беріп, қосымша 59,6 мегаватт қуат өндіреді.
Сондай-ақ, Қызылорда облысында 240 мегаватттық бу-газды қондырғы 2026 жылдың тамызында іске қосылады. Түркістан облысында қуаты 1000 мегаватт болатын ірі бу-газды қондырғы желтоқсан айында пайдалануға берілмек. Алматы қаласында ЖЭО-2-де 557 мегаватттық, ал ЖЭО-3-те 544 мегаватттық бу-газды қондырғылар 2026 жылдың соңына қарай іске қосылады.
Бұған қоса, 2026 жылдың желтоқсанында жалпы қуаты 173 мегаватт болатын жаңартылатын энергия көздері пайдалануға беріледі. Бұл жобалар Қазақстанның энергия теңгерімін нығайтып, елді электр қуатымен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Энергетика саласының мамандарының айтуынша, 2027 жылдың бірінші тоқсанына қарай Қазақстан электр энергиясымен толықтай қамтылып, энергия тапшылығы бар елдер қатарынан шығады.

В Атырау -8