Атырау, 14 қаңтар 19:51
 қар жаууы ықтималВ Атырау -4
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

Мұнай-газ енді құтқармайды: Атырау облысы – шетелдік инвестиция тартуда соңғы орында

100 рет қаралды

Атырау облысы шетелдік тікелей инвестициялар (ШТИ) бойынша соңғы орынға түсті, деп хабарлайды Tradereport.kz.

Бұрын Қазақстандағы ең ірі мұнай-газ жобалары арқылы ШТИ-дің негізгі драйвері саналған өңір 2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша жалпы ШТИ ағынында соңғы орынға шықты. Көрсеткіш тіпті теріс мәнге ие болды — минус 1,1 млрд доллар. Бұл ретте облыста қазір жалпы құны 6,8 трлн теңге болатын 11 ірі инвестициялық жоба іске асырылып жатыр, бірақ олар мұнай-газ саласындағы инвестициялық ағымның құлдырауын жаба алмай отыр.

Бұл жағдайды «өңірдің құлдырауы» деп емес, елдің инвестициялық моделіндегі терең өзгерістердің белгісі ретінде қарастыру керек. Бұрын Қазақстандағы «сәтті жылдар» бірнеше алып жобаларға — ТШО, Қашаған, Қарашығанаққа байланысты болса, бүгінде мұндай жобалар жоқтың қасы. Мұнай-газ жобалары инвестиция тартудың шарықтау кезеңінен өтіп, енді капиталды қайтару, тиімділікті арттыру, барды пайдалану кезеңіне көшті.

Осыған байланысты Қазақстандағы ШТИ құрылымы өзгеріп жатыр. Қазір негізгі ағын сауда, өңдеу өнеркәсібі, байланыс, қаржы және логистика сияқты бейресурстық секторларға бағытталуда. Бұл салаларда тәуекел аз, икемділік жоғары және капитал айналымы жылдам.

Қазақстан енді ресурстардың бар болуына ғана сүйеніп, инвестиция өздігінен келеді деп күтпеуі тиіс. Ең бастысы — инвестициялық климатты жақсарту, инфрақұрылымдық шектеулерді жою, бизнес жүргізудің болжамды ережелерін қамтамасыз ету және жобаларды сапалы сүйемелдеу. 

Сонымен қатар, ішкі инвесторларды қолдау және жеке капиталды, квазимемлекеттік секторды, даму институттарын тиімді пайдалану маңызды. Жобаларды тек шетелдік инвестицияға емес, ішкі инвестициялық базаға сүйене отырып іске қосу қажет.

Бүгін, 18:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.