
Атырау облысында колледж студенттерінің қатысуымен ашық сот процесі ұйымдастырылды.
Бұл шара өңір прокуратурасы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен бірлесіп ұйымдастырылып отыр.
Ашық сот процесіне көпсалалы 4 жоғары колледжінің 2 мыңға жуық студенттері онлайн форматында қосылып, сот отырысын тікелей көрді. Іс-шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу. Сот отырысын тікелей көрсету арқылы жастарға құқықтық тәрбиені заманауи тәсілмен жеткізу.
Сот отырысында сотталушылар 10 адам, оның ішінде 1 кәмелетке толмаған, адамдар тобымен денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру және бұзақылық фактілері бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оларға үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеу жазалары тағайындалды.
Облыс прокуратурасы барлық азаматтарды заң талаптарын қатаң сақтауға, кез келген құқық бұзушылық көріністеріне нөлдік төзімділік танытуға шақырады.
В Атырау -4