Атырау, 14 қаңтар 17:47
 қар жаууы ықтималВ Атырау -4
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

"ҚазМұнайГаз-Бұрғылау" ЖШС-нің жаңа бас директоры тағайындалды

113 рет қаралды
Сурет: Нефть и газ Казахстана тelegram арнасы
Сурет: Нефть и газ Казахстана тelegram арнасы

Мәди Қасымбаев "ҚазМұнайГаз-Бұрғылау" ЖШС-нің бас директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Нефть и газ Казахстана тelegram арнасы.

Ол ҚБТУ-дың түлегі (Бакалавр, Қаржы, 2007-2011); (Магистр, Мұнай және газ саласындағы Executive MBA, 2019-2020) және Манчестер университетінің (MSc, Даму экономикасы және саясат, 2011-2012). PwC, KazPetrodrilling компанияларында жұмыс істеген, 2022 жылдың тамызынан бастап "ҚазМұнайГаз-Бұрғылау" ЖШС-нің CFO қызметін атқарды.

Бұл Батыс Қазақстандағы ең ірі бұрғылау компанияларының бірі. 2005 жылдың желтоқсанында "ҚазМұнайГаз-Бұрғылау" ЖШС сатылым арқылы ҚМГ компаниялар тобының құрамынан шығарылды. Қазіргі уақытта оның жалғыз қатысушысы және құрылтайшысы "MHINDUSTRY" ЖШС. Компанияның өндірістік қуаттына жүк көтергіштігі 100-ден 590 тоннаға дейінгі 10 меншікті бұрғылау қондырғысы кіреді.

Бүгін, 15:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.