Атырау, 14 қаңтар 17:47
 қар жаууы ықтималВ Атырау -4
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

«Бізді пациенттердің орнына анализ тапсыруға мәжбүрледі»: Атыраудағы емхана қызметкерлері басшылыққа шағымданды

107 рет қаралды

Әлеуметтік желілерде №4 емхананың жұмысына қатысты авторлары көрсетілмеген ұжымдық шағым пайда болды.

Шағымда Төлеген Бауыржан бас дәрігер болып тағайындалғаннан кейін емхананы басқару белгілі бір шеңбердегі адамдардың қолына шоғырланғаны айтылған. Авторлар негізгі тұлғалар ретінде бас дәрігердің орынбасарлары — Гайымназар Юлдашұлы Джуманиезов пен Гулстан Романқызы Тәңірбергенованы атаған.

Шағымның ең басты бөлігі скрининг мәселесін қамтиды. Авторлардың айтуынша, медбикелерді пациенттердің орнына биоматериал тапсыруға мәжбүрлеген. Есеп үшін медбикелердің өздерінің немесе олардың туыстарының анализдері пайдаланылып, кейін нақты пациенттерге рәсімделген.

Шағымда ешқашан анализ тапсырмаған, бірақ жүйеде скринингтен өткен деп көрсетілген адамдардың ЖИН тізімі келтірілген.

Гинекологиялық скрининг кезінде бір жұғынды бірнеше пациентке тіркелген, бұл көрсеткіштерді қағаз жүзінде орындауға мүмкіндік бергені бөлек айтылады.

«...Бастысы — сандар сәйкес келуі», — деп жазады авторлар.

Шағымда Жұмыскер ықшамауданындағы әкімшілік ғимаратты жалға алу мәселесі де көтерілген. Емхана басшылығы сонда көшірілген. Авторлардың айтуынша, 2024 жылдың 8 тамызында «Жастар» мәдениет үйінде тұрғындармен кездесуде Төлеген Бауыржан жалдау құны төрт миллион теңге деп мәлімдеген. Алайда қызметкерлердің айтуынша, нақты төлемдер он миллион теңгеге дейін жетуі мүмкін.

Шағымда басқа эпизодтар да аталған. Соның ішінде ауруханалық сырқаттану парақтарына жалған қол қою және Индер аудандық АПБ басшысының орынбасарына ауруханалық сырқат парағын ашқан жағдайлар да бар. Авторлардың айтуынша, ол ведомстволық госпитальда қызмет көрсетілетін адам.

Шағымда бас дәрігердің жақын қызметкерлерімен бейресми жағдайда жиі ішімдік ішетіні айтылған. Авторлардың пікірінше, бұл тәртіпті әлсіретіп, ұжымда «жазаланбайды» деген сезім қалыптастырады.

Шағым жарияланғаннан кейін емханадағы кейбір компьютерлер электр кернеуінің іркілісінен істен шығып, тексеруге қажет болуы мүмкін электрондық деректер жоғалғаны жазылған.

Авторлар өз есімдерін көрсетпеген, себебі қысым мен жұмыстан шығарылудан қорқатындарын атап өткен.

«Мұндай жағдайларда жазаланатындар — басшылық емес, шындықты айтуға тәуекел еткендер», — делінген шағымда.

Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы өтініште емхана басшылығына қатысты келтірілген деректердің бір бөлігі расталмағанын мәлімдеді.

Ведомство бас дәрігердің орынбасарлары — Гайимназар Джуманиезов пен Гүлстан Тәңірбергеноваға қатысты ақпаратты жеке түсіндірді. Басқармасының дерегінше, екеуі де №4 полиникада қазіргі бас дәрігер тағайындалмай тұрып жұмыс істеген және бұрынғы басшылық тағайындаған. Олардың қызметінде қалуларына кәсіби тәжірибесі негіз ретінде көрсетілген.

Басқарма Джуманиезов пен Тәңірбергенова авторлар айтқандай СКПН жүйесі бойынша қосымша төлемдер алмайтынын хабарлады. Ведомство Гүлстан Тәңірбергенованың дәрігерлік-консультативтік комиссияны басқаратынын, ал оның жұбайы қызметтік автокөліктің жүргізушісі болып жұмыс істейтінін және оның қарамағында еместігін растады.

Сонымен қатар, әкімшілік қызметкерлерді Жұмыскер ықшамауданындағы ғимаратқа көшіру негізгі корпуста кабинеттердің жетіспеуіне байланысты болғаны айтылды. Басқарманың мәліметінше, ғимаратты жалға алу мемлекеттік сатып алу арқылы заңды түрде рәсімделген.

Медициналық құжаттарды қолдан жасау, скрининг деректерін бұрмалау және поликлиника басшылығының алкогольдік ішімдіктерді тұтынуы туралы мәліметтер облыстық денсаулық сақтау басқармасының дерегінше расталмаған. Дегенмен, жауапта анықталған заңбұзушылықтар бойынша шаралар қабылданғаны айтылған, бірақ олардың нақты сипаты көрсетілмеген.

Мүгедектікті ықтимал заңсыз рәсімдеу эпизоды түсіндірілді, онда Ерік Жастілекұлы Тункеновтің есімі аталады. Басқарманың хабарлауынша, поликлиника әкімшілігі материалдарды Атырау облысының полиция департаментіне және прокуратура органдарына жолдаған. Ішкі комиссияның шешімімен Тункенов тексеру кезеңінде қызметтік міндеттерін атқарудан уақытша шеттетілген.

Сонымен бірге, денсаулық сақтау басқармасының ресми жауабында ұжымдық шағымда келтірілген кейбір деректерге толық түсініктеме берілмеген. Атап айтқанда, ведомство Жұмыскер ықшамауданындағы әкімшілік ғимаратты жалға алу сомасындағы айырмашылықтарға қатысты пікір білдірмеген. Сондай-ақ, авторлар көрсеткен, іс жүзінде тексеруден өтпегенімен жүйеде скринингтен өтті деп тіркелген пациенттердің ЖИН тізімі де түсіндірілмеген.

Қызметкерлердің айтуынша, тексеруге маңызды болуы мүмкін ақпарат сақталған компьютерлік техника істен шыққаннан кейін электрондық деректердің жоғалуы туралы мәліметке де жеке баға берілмеген.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

Бүгін, 15:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.