
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Маңғыстау облысына сапары барысында Жаңаөзендегі жаңа газ өңдеу зауытының құрылыс алаңына барды.
Жоба екі іске қосу кешеніне бөлінген. Бірінші кешен бойынша негізгі төмендеткіш қосалқы станцияға арналған жабдық жеткізілді, ал қуаты 25 МВА болатын трансформаторлар жолда. Екінші кешенде жеті нысанның құрылысы жүріп жатыр: өрт бекеті, зертхана, қойма, әкімшілік-тұрмыстық кешен, оператор бөлмесі, өртке қарсы резервуарлар және химиялық реагенттер қоймасы.
Алдын ала салқындату және сынапты жою блоктарының модульдері құрастырылуда. Siemens газ турбинасының қозғалтқышы, болат резервуарлардың бөлшектері дайын. Логистикаға қатысты жұмыстар да жүргізілуде.
22 позициядан тұратын технологиялық жабдықтың бір бөлігі дайын, оның ішінде пропан тоңазытқыш қондырғысының компрессоры, жылу алмастырғыштар, сыйымдылықтар мен сүзгілер бар.
Жоба бекітілген кестеге сай жүзеге асырылып жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасымен салынып жатқан зауыт жылына 900 млн м³ табиғи және ілеспе газды өңдеуге мүмкіндік береді.
ҚМГ басшысы құрылыс мерзімін қатаң сақтауды тапсырды.
В Атырау 0