
Атырауда осы жылдың соңына дейін жаңа кәріздік-тазарту құрылыстар (КТҚ) пайдалануға берілмек. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов мәлімдеді.
Оның айтуынша, коммуналдық саладағы басты мәселелердің бірі – қаладағы тазарту құрылыстарының жағдайы. Көптеген нысандар 50 жылдан астам уақыт бұрын салынған және елді мекендердегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға тікелей әсер етеді.
Вице-министрдің дерегінше, 2025 жылы Ақтау мен Ленгірде жаңа КТҚ пайдалануға берілген. Ал биыл жыл соңына дейін Атырау, Қызылорда, Қарқаралы, Қаражал қалаларында тағы төрт нысан іске қосылады.
Жалпы республика бойынша 45 жобаны жүзеге асыру көзделген. Олар жаңа құрылыстар салу және қолданыстағы нысандарды жаңғыртуға бағытталған. Қаржыландыру әртүрлі көздерден қамтамасыз етіледі:
- халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздары,
- «Бәйтерек» холдингі арқылы облигациялық қарыздар,
- мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктері,
- мақсатты трансферттер.
Атап айтқанда, жеті жоба Еуропалық қайта құру және даму банкі мен Азия даму банкінің қарыздары есебінен жүзеге асырылады.
2025 жылғы қарашадан бастап Ұлттық жоба аясында өтінім беруден бастап нысанды пайдалануға беру немесе ұзақ мерзімді пайдалану кезеңінен кейін табиғи монополия субъектілерінің балансына тапсыруға дейінгі барлық процесті қамтитын Бірыңғай электронды платформа іске қосылды.
Қазіргі таңда жүйеде 89 жоба тіркелген:
- 52 жоба – сумен жабдықтау саласында,
- 37 жоба – су бұру саласында.
Олардың ішінде 31 жоба ең тозған инфрақұрылымы бар, «қызыл аймаққа» жатқызылған табиғи монополия субъектілері бойынша басымдыққа ие.
В Атырау 0