
Қазақстанда жүргізіліп жатқан экономикалық реформалар аясында прокуратура органдары 2025 жылы мемлекет мүддесін қорғауда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Бас прокуратураның дерегінше, жыл қорытындысында мемлекет пайдасына 1,1 трлн теңгеден астам қаржы қамтамасыз етілді.
Мемлекеттік қаражат пен мүлік – 470 млрд теңге тәркіленді.
Қаржы және әділет министрліктерімен бірлескен тексеру нәтижесінде бюджетке төленбей келген 193 млрд теңге дивиденд қайтарылды.
Прокурорлардың өтінішхаттары мен наразылықтары бойынша 300-ден астам іс қайта қаралып, мемлекет пайдасына 22 млрд теңге өндірілді.
Мемлекет меншігіне 800 мың гектар ауыл шаруашылығы жері қайтарылды.
Бұл жерлердің қатарында Алатау бөктеріндегі, Каспий жағалауындағы және Бурабай ұлттық паркінде орналасқан учаскелер бар.
Жайылым тапшылығы мәселесі бірқатар өңірлерде шешіліп, ауыл тұрғындарына қолжетімділік қамтамасыз етілді.
Табиғат пайдаланушылар келтірген 25 млрд теңге көлеміндегі экологиялық залал өтелді.
Цифрлық технологиялар мен ғарыштық мониторингті пайдалана отырып, 3,8 мың заңсыз қоқыс орны жойылды.
Құрылыс компаниялары прокурорлық қадағалау актілері бойынша 300 мыңнан астам жасыл желек отырғызды.
Президент Жарлығын орындау шеңберінде прокурорлар жергілікті атқарушы органдардың шығыстарын талдап, 255 млрд теңге көлеміндегі қажетсіз мемлекеттік шығындардың жолын кесті.
Павлодар мен Атырауда арнайы техника мен пәтерлерді нарықтық бағадан үш есе қымбатқа сатып алу жоспарлары тоқтатылды.
Үнемделген қаражат әлеуметтік қажеттіліктер мен инфрақұрылымды жақсартуға бағытталды.
Прокурордың наразылығы бойынша мемлекеттен екі жеке компанияның кредиттік берешегі үшін 1,2 млрд теңге өндіріп алу жойылды.
Керісінше, орындалмаған қару-жарақты жөндеу жұмыстары үшін мемлекеттік қорғаныс тапсырысының пайдасына 800 млн теңге өндірілді.
2025 жылы прокуратура органдарының жұмысы мемлекет қаржысын қорғау, экологияны жақсарту және жер ресурстарын тиімді пайдалану бағытында нақты нәтижелер берді. Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті қолдану прокурорлық қадағалаудың тиімділігін арттырып, қоғам мен мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғауда жаңа деңгейге көтерді.
В Атырау 0