Атырау, 4 ақпан 11:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.44
€ 593.35
₽ 6.55

APEC PetroTechnic Қытай колледждерімен жасанды интеллект саласында әріптестік орнатты

518 рет қаралды
фото @apecpetrotechnic
Сурет @apecpetrotechnic

Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту мақсатында «APEC PetroTechnic» жоғары колледжі Қытайдың үш оқу орнымен – Zhejiang Business College, Hangzhou Xiaoshan Technical College және Tianjin Bohai Vocational Technical College – ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Ынтымақтастық бағыттары

  • Жасанды интеллект элементтерін өндірістік оқыту үдерісіне енгізу.
  • Атырау өңірінің мұнай-газ саласына қажетті білікті мамандарды даярлау.
  • Студенттер мен оқытушылардың академиялық алмасуын ұйымдастыру.
  • Қос дипломды білім беру бағдарламаларын іске қосу.
  • Оқытушылардың кәсіби біліктілігін арттыру.
  • Халықаралық кәсіби чемпионаттарға бірлесіп дайындалу.

«Бұл бастама білім беру мен өндірісті ұштастырып, болашақта жоғары білікті, заманауи кадрларды даярлауға мүмкіндік береді», – деді колледж директоры Асылбек Нұрмышев.

Жаңа меморандум аймақтық білім беру жүйесін халықаралық деңгейге шығарып, өндірістік салаға қажетті заманауи мамандарды даярлауға жол ашады.

12 қаңтар, 17:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.