Атырау, 12 қаңтар 19:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 509.94
€ 593.88
₽ 6.43

Жаңа жыл қарсаңында дәрігерлер емхана дәлізінде адам өмірін сақтап қалды

Бейнежазба
77 рет қаралды
Сурет: Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасы
Сурет: Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасы

2025 жылғы 25 желтоқсанда №4 қалалық емхананың дәлізінде орта жастағы ер адам кенеттен есінен танып, құлап қалған. Оқиға сәтінде қабылдау жүргізіп жатқан медицина қызметкерлері дереу көмекке кірісті.

Науқасты қарау барысында оның тынысы мен жүрек соғысы болмағаны анықталды. Алдын ала жағдай клиникалық өлімге сәйкес келген. Дәрігерлер бекітілген алгоритмге сай жедел медициналық көмекті толық көлемде көрсетті: жүрек-өкпе реанимациясы жасалды, қажетті екпелер салынды, оттегі берілді.

Уақтылы көрсетілген кәсіби көмектің нәтижесінде ер адамның тынысы мен жүрек соғысы қалпына келді. Ол жедел жәрдем бригадасына тапсырылып, әрі қарай Атырау облыстық кардиологиялық орталығына жеткізілді. Қазіргі уақытта пациентке қажетті ота жасалып, жағдайы дәрігерлердің бақылауында.

Бұл оқиға алғашқы медициналық көмектің маңызын және дәрігерлердің кәсіби даярлығы мен үйлесімді командалық жұмысының адам өмірін сақтап қалудағы шешуші рөлін айқын көрсетті.


Бүгін, 16:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.