
«QazaqGaz» ұлттық компаниясы мен Аджип Каспиан Си Б.В. Каменковский учаскесін бірлесіп зерттеу жөнінде келісімге қол қойды.
Құжатқа «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Әлібек Жамауов және шетелдік компанияның төрағасы әрі Басқарушы директоры Сегер Хойтинк қол қойды.
Келісімнің негізгі мақсаты – Каменковский учаскесінде көмірсутек қорларының бар-жоғын анықтау және жер қойнауын зерттеу жобасына үлестік қатысу мүмкіндігін қарастыру. Бұл бастама Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес және «QazaqGaz» компаниясының газ ресурстарын ұлғайту стратегиясына сай жүзеге асырылуда.
Каменковский учаскесі Каспий маңы шөгінді бассейнінің Солтүстік борттық аймағында орналасқан. Аймақтың геологиялық ерекшеліктері газ және газ конденсаты кен орындарын ашуға зор мүмкіндік береді. Бұған дейін осы өңірде Қарашығанақ, Чинаревское, Рожковское сияқты ірі кен орындары ашылған.
Жаңа келісім аясында кешенді геологиялық және геофизикалық зерттеулер жүргізіліп, Каменковский учаскесінің көмірсутек әлеуеті мен коммерциялық мүмкіндіктері бағаланатын болады.
В Атырау 0