
Әңгіме 146 мың теңге туралы болып отыр. Отбасының айтуынша, бұл ақша «Байзаар» сауда орталығындағы терминал арқылы шотты толықтыру кезінде жоғалып кеткен.
Дина Шербаеваның сөзінше, оқиға Кұлманов көшесі, 111А мекенжайында болған. Күйеуі Махаметжан Аширов банкоматқа 500 мың теңге салған. Операция кезінде құрылғы істен шығып, ақшаны қабылдағанымен, чек бермей, экранда нәтиже көрсетпеген.
Банкке жүгінгеннен кейін клиенттерге тек 354 мың теңге қайтарылған. Ал қалған 146 мың теңге қайтарылмады. Отбасы Kaspi Bank-ке ресми шағым түсірді, бірақ Дина Шербаеваның айтуынша, банк «мұндай сома болмады» деп жауап берген. Дегенмен, ақшаның бір бөлігі қабылданды деп танылғандықтан, сол қаражат қайтарылған.
Қазір шағымдар Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне, сондай-ақ прокуратураға eOtinish порталы арқылы жолданды. Шағым беруші банкоматты қайтадан инкассациялауды, операция логтарын және бейнежазбаларды тексеруді, сондай-ақ жетіспейтін қаражатты қайтаруды талап етуде.
Жарияланым астындағы пікірлерде Kaspi-дің ресми аккаунты қосымша тексеріс басталғанын хабарлап, оның нәтижесі бойынша жауап беруге уәде етті. Алайда Дина Шербаеваның айтуынша, тексеріс әлдеқашан аяқталып, банк тарапынан бас тарту болған, сондықтан мәселе қаржы реттеуші мен қадағалау органдарына берілген.
Бұл жағдай қоғамда үлкен талқылауға себеп болды: жарияланым мыңдаған реакция мен жүздеген пікір жинады. Пайдаланушылар банкоматтағы техникалық ақаулар кезінде клиенттерді қорғау тетіктерін талқылауда.
Материал жарияланған сәтте қаражатты қайтару бойынша түпкілікті шешім қабылданбаған еді.
Айнұр САПАРОВА
В Атырау -10