Атырау, 9 қаңтар 12:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 508.91
€ 594.36
₽ 6.33

​Атырау облысында жоғалған малшы табылды

Бейнежазба
319 рет қаралды

Облыстық 112 пультіне 1970 жылы туған ер адамның 7 қаңтар күні мал жаюға шығып, бір тәулік бойы оралмағаны туралы хабарлама түскен. 

Хабарлама алынғаннан кейін ТЖМ құтқарушылары жедел түрде іздестіру-құтқару жұмыстарын ұйымдастырды.

Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде малшы Индербор кентінен 35 шақырым қашықтықтағы «Ақшадыра» қыстауынан табылды. Оның денсаулығы қанағаттанарлық жағдайда, медициналық көмекке мұқтаж болмады.

Құтқарушылар азаматтарды қолайсыз ауа райында алысқа шыққанда сақ болуға және байланыс құралдарын өзімен бірге алып жүруге шақырады.


Кеше, 14:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.