Атырау, 6 ақпан 16:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 495.10
€ 583.72
₽ 6.46

Миялыдағы жанжал: жас жігіт құлағынан жараланды

551 рет қаралды
Chat GPT жасаған сурет
Chat GPT жасаған сурет

Оқиға 2 қаңтар күні Қызылқоға ауданының Миялы ауылында орын алған. Полиция дерегінше, жанжалға араласқан 49 жастағы ер адам өз ұлын қорғау барысында жанжалға қатысушының біріне дене жарақатын салған.

Полицияның хабарлауынша, аталған оқиға бойынша «Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалды. 

Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті 25 жастағы ұлы мен 24 жастағы жәбірленушінің арасындағы жанжалға араласып, абайсызда жәбірленушіге асүй пышағымен сол жақ құлақ тұсынан жарақат салған.

Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. 

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2 қаңтар күні кешкісін Қызылқоға аудандық ауруханасына 2002 жылы туған ер адам жеткізілген. Оның сол жақ құлақ қалқаны мен құлақ маңайы аймағында сыдырылған жарақат болған. Жәбірленушіні медициналық мекемеге достары алып келген.

Дәрігерлер шұғыл көмек көрсетіп, қан кетуді тоқтатты және дәрілік әрі инфузиялық ем тағайындады. Хирургиялық бригада жараға алғашқы хирургиялық өңдеу шарасын жасады.

Кейін науқас әрі қарай мамандандырылған көмек алу үшін облыстық ауруханаға жолданды. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы тұрақты, ол дәрігерлердің бақылауында, ем қабылдап жатыр.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, дабыл жарғағы зақымданбаған, есту қабілеті сақталған.

Айнұр САПАРОВА

6 қаңтар, 17:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.