
Атырау қаласы, Азаттық даңғылы бойында орналасқан көппәтерлі тұрғын үйден түтін шыққаны туралы хабарлама түскен.
Құтқарушылар жедел жетіп, өртті сөндіру жұмыстарын жүргізді. Оқиға салдарынан екінші қабаттағы пәтердің жатын бөлмесі бүлінген. Өрт 25 минут ішінде толықтай жойылып, оның басқа бөлмелерге таралуына жол берілмеді.
Зардап шеккендер жоқ.
Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарды тұрмыста өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Қауіп туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласу қажет.
В Атырау -2