
Атырауда тұрғындар тағы да ауада жағымсыз иістің пайда болғанын хабарлауда.
Қала тұрғындарының айтуынша, жыл басынан бері түрлі ауданнан керосин немесе бензолға ұқсас өткір иіс сезілуде.
Тұрғындар бұл иістің кейде күшейіп, әсіресе таңертең және кешкі уақытта қатты білінетінін, балалар мен қарттардың денсаулығына алаңдаушылық туғызып жатқанын айтады.
«Жыл жаңа енді басталып жатыр, ал иіс қайта шығыпты. Бұл не және қайдан шыққаны түсініксіз», — деп тұрғындарәлеуметтік желілерде шағымдануда.
Жарияланған уақытқа дейін уәкілетті органдардан ресми түсініктеме берілген жоқ. Қала тұрғындары экологиялық және санитарлық қызметтерден түсініктеме беріп, ауа сапасына өлшеу жүргізуді сұрап отыр.
Айгүл МАНСУРОВА
В Атырау -7