
Атырау облысында Жаңа жылдың алғашқы күні қуанышқа толы оқиға болды.
Перзентханаларда 30 нәресте өмірге келді.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 16 ұл бала мен 14 қыз бала дүниеге келген. «Әрбір сәби — ата-ананың бақыты, отбасының жаңа үміті, өңірдің жарқын болашағы» деп атап өтті басқарма өкілдері.
Бұл қуанышты сәтке үлес қосқан дәрігерлерге, акушер-гинекологтарға, неонатолог мамандарға және орта медициналық қызметкерлерге ерекше алғыс айтылды. Ана мен балаға көрсетілген сапалы медициналық көмектің арқасында нәрестелер аман-есен жарық дүние есігін ашты.
Барлық сәбилерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, ал ата-аналарына береке мен шаттық тілейміз.
В Атырау -7