Атырау, 23 қаңтар 22:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 505.71
€ 591.43
₽ 6.65

КҚК 29 желтоқсанда мұнай тасымалдауды уақытша тоқтатты

516 рет қаралды

29 желтоқсан күні қолайсыз ауа райына байланысты Каспий құбыр консорциумы (КҚК) Қара теңіздегі теңіз терминалында мұнайды ауыстырып тиеуді уақытша тоқтатты. Жұмыс тек ауа райы қалыпқа келген соң және дауылдық ескертулер алынғаннан кейін қайта жалғасады.

Сол күні мұнай қабылдау да тоқтатылды. Себебі қоймаларда шикізат толып кеткен. Консорциум барлық жүк жөнелтушілерге жағдай туралы алдын ала хабардар еткенін мәлімдеді.

КҚК басшылығы компанияның экология мен өндірістік қауіпсіздік мәселесінде қатаң ұстанымда екенін атап өтті. Терминалдағы жабдықты пайдалану кезінде апаттардың алдын алу, әсіресе мұнай төгілу қаупін болдырмау басты назарда.

Сонымен қатар, мұнай жөнелтудің ырғақтылығына ВПУ-2 қондырғысына жасалған шабуылдың салдары әсер еткен. Сол оқиғадан кейін құрылғы зақымданған. Бұған қоса, ВПУ-3 қондырғысында басталған жөндеу жұмыстары қысқы кезеңдегі ауыр гидрометеорологиялық жағдайды қиындатып отыр.

Компания мұнай құбырының тұрақты жұмысын қайта бастау және теңіз терминалының қалыпты режимге оралуы туралы қосымша хабарлайтынын жеткізді.

30 желтоқсан 2025, 14:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.