Атырау, 18 желтоқсан 23:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«Өрт қайдан шығады?». «Оразалин жауым да емес, досым да емес...». «Қаражаттың қайда жұмсалғаны қатаң бақылауда болады». «Нұрлан Қаппаровтың мұнысы қалай?..». «Ауғанстанның жер байлығы бағы ма, соры ма?».

3 667 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Ауғанстанның жер байлығы бағы ма, соры ма?» - Саманган провинциясында қыркүйектің 14-і күні жарылыс болып, 28 кенші өлді. Бұл елде өндіріс қауіпсіздігі дұрыс сақталмайды. Одан бөлек, ресурстарға талас басталған.

«Бюджет дағдарысынан соң АҚШ мекемелері жабылды» - АҚШ Конгресі үкіметті қаржыландыру туралы келісімге келе алмаған соң бірқатар мемлекеттік мекемелер жабылып, мыңдаған шенеунік қысқартуға ұшырады. Бұл жағдай әлемге қалай әсер етпек?

«Жаңа вакцинаны салғызғандар әлі аз» - Қазанның 1-інен бастап Қазақстанда жасөспірім қыздарға адам папилломасы вирусына қарсы вакцина ерікті түрде салына бастады. Бұл вирус әйел адамдарды көбінесе жатыр мойыны қатерлі ісігі дертіне душар етеді.

TURKYSTAN.KZ.  «”Үлкен террорды” ұмытуға бола ма?!.» Николай Ежов елімізде іріткі салуға жіберілген еді.

HALYKSOZI.KZ.   «Өрт қайдан шығады?» - Дүниедегі ең қауіпті – су, от. Ең қат дүние де осылар.Қазір өрт көбейді. Алматыда қарабазар өртенді. Зардап шеккен халық. Павлодарда мектеп-лицейді өрт шалды. Тағы да халық қиналды.

«Оразалин жауым да емес, досым да емес...» - Қай заман болса да, қайран Жазушылар Одағының басынан дау арылған емес. Дау кетпеген соң басшылары да орнынан сау кетпеген. Бірі атылып, бірі шатылап дегендей...

«Абылай ханның тарихи бейнесі» - Қазақ тарихындағы айтулы хандардың бірі Абылай хан екендігі айтпаса да түсінікті. Ол алмағайып дәуірде өмір сүрсе де қазақ хандығының өркендеп өсе түсуіне бір кісідей үлес қосқан тұлға.

AIKYN.KZ «Қаражаттың қайда жұмсалғаны қатаң бақылауда болады» - Егер бұрын көптеген жылу-жарық алпауыттары тарифтен түсетін, халықтан жиналатын қаражаттардың үлкен бөлігін қалталарына басып келсе, енді мемлекет ол қаржылардың тозығы жеткен құрал-жабдықты жаңғыртуға жұмсалуын бақылауға алыпты.

«Тарихи кітаптардың бәрі шындық деуге болмайды» - Тәуелсіздік алғаннан кейінгі еркіндік пен кеңшілікті пайдаланғандар тарихқа қалам тартушылардың санын көбейтті. Аяқ астынан ел білмейтін батырлар мен билер, көсемдер мен шешендер дәріптеле бастады.

«Банктер несиелерін қайтаруға неге асықпайды?» - Еліміздегі ішкі жалпы өнімнің өсімін 7 пайызға жеткізу үшін 2020 жылға дейін 80 млрд доллар шетелдік инвестиция тартуымыз керек.

«Банкті дефолт төңіректеп жүр» - Standard & Poor"s несиелік рейтинг қызметі «Альянс Банк АҚ-тың басына тағы да бұлт үйіріліп тұрғанынан хабардар етті. Аталған қызмет банктің ұзақмерзімді несиелік рейтингісін «В»-дан «ССС+» ке дейін төмендетті.

NUR.KZ.  «Депутат салықтан бұрын жалақыны көтеруді ұсынды» - Салықтарды арттыру көрсеткіші халықтың айлық еңбекақысына салыстырмалы түрде сәйкес келмейді.

SERKE.ORG.  «Нұрлан Қаппаровтың мұнысы қалай?..» - Қазіргі қазақ байларының адал ас, таза қол бейкүнәсі жоқтың қасы. Тартып алған, жатып жеген, қымсынбай қымқырған, жалықпай жымқырған, халық елемеген, салық төлемеген, ойдан қашқан – қырдан асқан кілең ығай мен сығай...

 

 

 

2 қазан 2013, 09:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.