Атырау, 25 желтоқсан 14:02
 ашықВ Атырау -9
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Бір адамның бастамасы – мың адамның үлгісі: Атырауда Жайықты тазартқан белсендіге құрмет көрсетілді

Бейнежазба
90 рет қаралды
Видеодан скриншот
Видеодан скриншот

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов қала тұрғыны, қоғам белсендісі Берік Есенғалиевке қоршаған ортаны қорғау және Жайық өзенін тазарту ісіне қосқан жеке үлесі үшін ризашылығын білдірді.

Қала тұрғыны Берік Есенғалиев әлеуметтік желілерде жариялаған бейнежазбасында аймақтың басты су көзіне жанашырлық танытудың маңызын атап өтті. 

«Біз осы өзеннің суын ішіп отырмыз. Жайық бізге барын береді. Тазалық жұмыстары кезінде мұнда қоқыстың қаншалықты көп екенін көріп жүрміз. Сондықтан әр тұрғын жауапкершілікті сезініп, өзенді тазартуға және сақтап қалуға атсалысса екен», — дейді ол.

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов қала тұрғындарымен кездесу барысында белсенді азаматтың қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесін ерекше атап өтті. 

Өңір басшысы мұндай бастамалардың құрметке лайық екенін жеткізіп, қоғамдағы жауапкершілік пен жанашырлықтың өзгелерді табиғатты қорғауға ынталандыратынын айтты. Әкімнің пікірінше, қарапайым азаматтардың бастамасы экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және табиғи ресурстарды сақтауға үлкен серпін береді.

Бүгін, 12:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.