
Атырау облыстық сотында Атырау облыстық «Билер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің «Әділеттен аттама» кітабы таныстырылды.
Іс-шараға Атырау облыстық сотының төрағасы М.Парменов, судьялар, Билер кеңесі мүшелері қатысты.
Кітапты Билер кеңесінің төрағасы Ахмырза Батырхайыров таныстырып, бұл басылымның қоғамдағы дауларды шешуде билердің жұмысына көмекші болатын оқу құралы екенін атап өтті. Оның айтуынша, Билер кеңесі – қазақ қоғамындағы дәстүрлі басқару жүйесінің аса маңызды институттарының бірі. Ол адамдар арасындағы бірлікті нығайту, дауларды бітімгершілікпен шешу мақсатында құрылған беделді алқалы орган.
Кітапқа бүгінгі таңдағы Атырау облысы билерінің жүргізіп отырған жұмыстары жинақталып, тәжірибелік әдістемелік – нұсқаулық ретінде ұсынылады.
Атырау облыстық сотының төрағасы Мұхтар Парменов Билер кеңесі мүшелерін аталған басылымның жарық көруімен құттықтап, облыс бойынша дауласушылық деңгейін төмендетудегі Билер кеңесінің еңбегіне тоқталып, басылымда Билер кеңесінің қалыптасу тарихы мен олардың еңбек жолдары, кеңес мүшелері туралы баяндалғанын айтты.
Кітапты шығарудағы кеңес мүшелерінің сіңірген еңбектерін ерекше атап өтіп, олардың қызметтеріне сәттілік тіледі.
Кітап 100 дана тиражбен шығарылды.
В Атырау -1 




