Атырау, 23 қаңтар 18:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 505.71
€ 591.43
₽ 6.65

Атырау облысында жоғалып кеткен аңшының сүйегі табылды

513 рет қаралды

Атырау облысында бірнеше күн бұрын аңға шығып, хабар-ошарсыз жоғалып кеткен ер адамды іздеу жұмыстары аяқталды. Аңшының сүйегі далалық жерде табылды.

Естеріңізге сала кетейік, ер адам 14 желтоқсанда аңға шығып, хабар-ошарсыз кеткен. Іздеу жұмыстарына құтқарушылар, полиция қызметкерлері және еріктілер жұмылдырылды. Бір күн бұрын осы ауданда жоғалған адамға тиесілі УАЗ автокөлігі табылды, алайда ол кезде ер адамның өзін табу мүмкін болмады.

Аңшының неден, қандай жағдайда көз жұмғаны анықталып жатыр. Әзірге бұл оқиға бойынша ресми ақпарат түскен жоқ.

Айгүл МАНСУРОВА


19 желтоқсан 2025, 15:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.