
Жол апаты Атырау – Дамбы жолында, Бөгенбай батыр көшесінде орын алды.

Атырау облысы Полиция департаментінің мәліметінше, қарсы бағытта қозғалған Hyundai Creta автокөлігі жол бермей, екінші жолақпен келе жатқан Hyundai Elantra патрульдік көлігімен соқтығысқан.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ, көліктер механикалық зақым алды. Жол апаты дерегі бойынша полиция тексеру жүргізіп жатыр.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА
В Атырау 0