Атырау, 18 желтоқсан 14:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 514.31
€ 603.03
₽ 6.40

​Атырау облысында қолайсыз ауа райына байланысты көлік қозғалысы шектелді

116 рет қаралды

Атырау облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.

Өңірлік полиция департаментінің хабарлауынша, республикалық маңыздағы Атырау – Орал автожолының Индер ауданы аумағындағы 178–189 шақырым аралығында жүк көліктері мен қоғамдық көліктің қозғалысы уақытша тоқтатылды.

Бұл шектеулер жаңбыр жауып, жол бетінде көктайғақтың пайда болуына байланысты, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізілген.

Полиция өкілдері жүргізушілерді алыс сапарлардан бас тартуға, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және ауа райы жағдайы тұрақталғанға дейін енгізілген уақытша шараларға түсіністікпен қарауға шақырады.

Бүгін, 12:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.