Атырау, 17 желтоқсан 16:36
 бұлттыВ Атырау -1
$ 519.61
€ 610.13
₽ 6.54

Энергетика саласына қосқан үлесі үшін марапатталғандар арасында Атырау облысының өкілдері болмады

104 рет қаралды
фото: Акорда
Сурет: Ақорда

Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдің энергетика саласын дамытуға қосқан үлесі үшін бірқатар азаматқа мемлекеттік наградалар табыстады.

Алайда марапатталғандар қатарында мұнай-газ саласының негізгі өңірі саналатын Атырау облысынан бірде-бір өкіл болмады.

Ресми мәліметке сәйкес, марапаттар энергетика саласында еңбек етіп жүрген түрлі мамандық иелеріне берілген. Олардың қатарында электр энергетикасы саласының мамандары — электр слесарьлары, жылу электр орталықтарының қызметкерлері, өңірлік электр желілік компаниялардың өкілдері, сондай-ақ ұлттық энергожүйе операторының қызметкерлері бар. Марапаттау еліміздің әр өңірінен мамандарды қамтыған.

Саладағы еңбегі үшін «Отан», «Парасат», «Құрмет» ордендері, сондай-ақ «Еңбек Даңқы» III дәрежелі ордені табысталды.

Ал Атырау облысы ондаған жылдар бойы Қазақстанның мұнай-газ және энергетика саласының негізгі орталығы болып келеді. Елдегі ең ірі мұнай-газ кен орындары дәл осы өңірде орналасқан. Ал саланың тұрақты жұмысы облыстағы электр және жылу энергетикасы нысандарының үздіксіз қызметіне тікелей байланысты.

Атырау облысында мұнай-газ өндіру, өңдеу, тасымалдау, сондай-ақ өнеркәсіп нысандарын энергиямен қамтамасыз ету саласында ондаған мың маман еңбек етеді. Олардың қатарында операторлар, инженерлер, энергетиктер және қызмет көрсетуші персонал бар.

Марапаттау еліміздің әр өңірінен электр энергетикасы саласының мамандарын қамтығанын ескерсек, Атырау облысы өкілдерінің тізімде болмауы кәсіби ортада сауалдар туғызды.

Жарияланым шыққан сәтке дейін марапатталушылар тізімінің қалай жасалғаны және Атырау облысы өкілдерінің не себепті енгізілмегені туралы ресми түсініктеме берілген жоқ.

Айгүл МАНСУРОВА

Бүгін, 14:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.