Атырау, 17 желтоқсан 12:40
 бұлттыВ Атырау -1
$ 519.61
€ 610.13
₽ 6.54

Пәтерде үш апта бойы жатқан ер адамның қайғылы өлімі: не белгілі?

141 рет қаралды

Бақилыққа аттанып кеткеннен кейін үш аптаға жуық уақыт өткен соң пәтерде сүйегі табылған ер адамның қайғылы оқиғасына қатысты деректер белгілі болды.

Бұл отбасының жақын таныстары жалған және жағымсыз ақпарат таратпауды сұрайды, ер адамның жалғызбасты емес, оның туысқандары бар екенін де айтты. 

Отбасының бір танысы айтқандай, жігіт балалар үйінде өскен. Оның апасы мен қарындасы бар. Қарындасы ауылда тұрса, апасы қалада тұрады. Оның айтуынша, ол мемлекеттік бағдарлама бойынша алған баспанасында шынымен де жалғыз тұрған. Ол туыстарымен жақсы арасып жүрген. Бірақ соңғы уақытта оны ешкім көрмеген, өйткені жақындары оның басқа қалада табыс тауып жүр деп ойлаған.

Сонымен қатар ер адам екінші топ мүгедегі болған, денсаулығына байланысты оған тұрақты жұмыс табуға қиын болған. Оған қарамастан ол өз бетінше өмір сүруге, "аяққа тұруға" тырысып, мейірімді және жанашыр адам болған дейді таныстары. Шаңырақ көтеріп, өз отбасын құратын шақта өмірі үзіліп кетті.  

«Апасы оны іздей бастағанда бірдеңе болғанын түсіндік. Оған жақын болғандардың бәрі бірден іздеуге атсалысты. Көпке дейін оның қайғылы жағдайға ұшырағанын ешкім білмеген», — дейді пікір қалдырғандардың бірі. 

Таныстары мен туыстары қала тұрғындарын бұл жағдайға түсіністікпен қарауға және ұстамдылық танытуға, асығыс қорытынды жасамауға және болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталмай тұрып, жағымсық ақпарат таратпауға шақырады.

Ресми органдар әзірге жігіттің неден көз жұмғанын айтқан жоқ. Пәтерді және подъезді санитариялық өңдеу мәселелері, тұрғындардың айтуынша, әлі шешілген жоқ.

Айгүл МАНСУРОВА

Бүгін, 09:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.