Атырау, 19 желтоқсан 00:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«“Протон” ұшты, қарсылар ұсталып жатыр». «Италиядағы қазақстандық дипломаттарға iс қозғалды». «“Атом электр стансасын салудың қажетi жоқ”». «Ресейдің саясаты – ескі, амалы – жаңа». «Путин лаңкестерді жазалаудың тың тәсілін тапты».

2 464 просмотра

ZHASALASH.KZ  «“Протон” ұшты, қарсылар ұсталып жатыр» - Кеше Астана уақыты бойынша 03.38-де Байқоңырдан Ресейдiң “Протон-М” зымыраны көкке көтерiлдi. Әбүйiр болғанда, ай жарығымен аттандырылған ракета бұл жолы жарылған жоқ. Әлдеқалай боп қала ма деп қауiптенген қазақтың жүрегi орнына түстi. Бiрақ билiк гептилге қарсыларды “кептеп” жатыр.

«Ақыл айтуға ұшып барады» - Блэр Қазақстаннан алған қаржының бiр бөлiгiн ұшақ жалдауға жұмсайды.

«Италиядағы қазақстандық дипломаттарға iс қозғалды» - Рим прокуратурасы Мұхтар Әблязовтiң әйелi Алма Шалабаева мен қызы Алуаны заңсыз депортациялаған қазақстандық дипломаттардың үстiнен тергеу жүргiзiп жатыр.

«“Атом электр стансасын салудың қажетi жоқ”» - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-ми­нистрi Бақытжан Жақсалиев­тың мәлiмдеуiнше, Қа­зақстанда атом электр стансасы құрылысы бойынша әлi нақты саяси шешiм қабылданбапты.

«Ресейдi етпен жарылқаймыз, ал қазақстандықтар сүйек-саяқты мiсе тұта ма?» - А.Мамытбековтi халық қана емес, елдегi қой-сиыр, ешкiге дейiн жақсы “таниды”. Танитыны, ол ауылшаруашылық министрлiгiн үш жылдан берi тапжылмай басқарып келедi. Тапжылмайтыны да бекер емес. Бiлетiндер оны Ө.Шүкеевтiң адамы дейдi.

AZATTYQ.ORG. «Ресейдің саясаты – ескі, амалы – жаңа» - Көрші елдерге күш көрсету – Ресейдің Совет Одағы тарағалы бері пайдаланып келе жатқан ісі. Бірақ қазір Мәскеудің көршілері Еуропаның көмегіне сүйеніп, қарымтасын қайтара алады.

«"АҚШ Ираннан нақты іс-әрекет күтеді"» - АҚШ-тың Таяу Шығыс елдерінде елшілік қызмет атқарған ең тәжірибелі дипломаттарының бірі Райан Крокер Азаттыққа Вашингтон мен Тегеранның қарым-қатынасы туралы сұхбат берді.

«Алматыда баспасөзді қорғайтын қоғамдық штаб құрылды» - Алматыда өткен баспасөз жиынында саясаткер Әміржан Қосанов, Айдос Сарым, қоғамдық белсенділер Серікжан Мәмбетәлин мен Бақытжан Төреғожина "БАҚ құқықтарын қорғаумен айналысатын қоғамдық штаб құратындарын" мәлімдеді.

NUR.KZ.  «Білім министрлігіне бөлінген 10 млрд теңге жоғалып кетті» - Жақын күндері Білім министрлігінде қаржылық тексеру басталады. Өйткені, атын жер көкке жеткізе мақтаған е-лёрнинг бағдарламасына жұмсалған 10 млрд теңге құмға сіңгендей жоқ болған.

«Путин лаңкестерді жазалаудың тың тәсілін тапты» - Ресей президенті Владимир Путин лаңкестердің әрекеттерінен келген зардаптардың орнын толтыруды олардың туыстарына жүктейтін заң жобасын Мемлекеттік Думаның қарауына енгізді.

SHYN.KZ. «Кейпі кеткен Кәсіподақ» - ҚР Парламентінің тартпасында «Кәсіптік одақтар туралы» заң жобасының «сары майдай» сарғайып жатқаны белгілі. Оның «тағдыры» жақын арада депутаттар талқысына түспесе, күрмеуі шешілмеген көп мәселенің шатқаяқтап тұра беретін түрі бар. Сондықтан да «қыстан шыққан сүрідей» көп сақтауды көтермейтін заң жобасы туралы айтылар «наз» көп.

«“Нұр Отанның”  201 белсендісі жемқор болып шығыпты» - Құрыққа түспей құтылып кетті демесеңіз, қаншама қашқын-жемқорлардың алғашқы болып «жағасына» жармасқан осы партия болатын... Партия өкілдерінің сол қырағылықтарының «өміршең» болғандығын қалайтындар ел ішінде әлі де көп.

«Демографиялық соғыс: жеңістер мен жеңілістер» -  Соңғы үш жылда Қазақстанда 22 860 наркоқылмыс, 713 нарко контрабанда, 7614 наркотик сату фактісі анықталған. Наркотикке қатысты тәртіп бұзғаны үшін 16 737 адам, оның ішінде 298 жасөспірім ұсталған.

 

 

 

 

 

 

 

  

1 қазан 2013, 09:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.