Атырау, 15 желтоқсан 15:58
 ашықВ Атырау -6
$ 522.38
€ 612.60
₽ 6.54

Атырау мен Алматы арасында күнделікті қатынайтын пойыз жолға шықты

122 рет қаралды

«Атырау – Алматы» бағыты бойынша қосымша №41/42 жолаушылар пойызы іске қосылды.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, хабарлады.

Компанияның мәліметінше, осыған дейін Алматы қаласына 41/42 «Тальго» және 29/30 нөмірлі Атырау – Шымкент бағытындағы пойыз күн ара қатынаған болатын. Қазір аталған пойыздардың қозғалысы тоқтатылып, олардың орнына 41/42 нөмірлі Атырау-Алматы пойызы стандартты вагондармен күн сайын жолаушы тасымалдайды.

Жаңа пойыз күнделікті қозғалыс кестесіне енгізілді. Жол жүру уақыты — 52 сағат 15 минут. Құрамында шамамен 15 жаңартылған купе және плацкарт вагон бар. Теміржол көлігі бір рейс барысында 700-ге жуық жолаушыны тасымалдауға қауқарлы.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ бұл өзгерістер жолаушыларға көрсетілетін қызметтің қолжетімділігін арттыру және тасымалды оңтайландыру мақсатында енгізілгенін жеткізді. 

Бүгін, 13:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.