Атырау, 24 қаңтар 01:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.35
€ 590.63
₽ 6.62

​Сәлім Нағым «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды

341 рет қаралды

Нағым Сәлім Жаңабайұлы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Мұнай және газ кен орындарын игеру» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сонымен қатар магистратураны Cass Business School, City University of London «Энергетика, сауда және қаржы» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы Agip North Caspian Company N.V. зауытының операторы болып бастаған. Әр жылдары «ҚазРосГаз», «ҚазТрансГаз», «Өріктау Оперейтинг», «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай-газ компанияларында, сондай-ақ ҚР Энергетика министрлігінің газ және мұнай-газ химиясы департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

Бұл тағайындауға дейін «QazaqGaz Aimaq» АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары лауазымын атқарып келді.

Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.


15 желтоқсан 2025, 10:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.