Атырау, 16 желтоқсан 09:48
 ашықВ Атырау -3
$ 519.61
€ 610.13
₽ 6.54

Атырау облысында қатты жел салдарынан шатыр ұшып, үйдің қасбеті құлап, жарық өшті

Сурет Бейнежазба
87 рет қаралды

Атырау облысында ауа райының күрт өзгеруіне байланысты қатты дауыл мен екпінді желдің салдарынан жарық өшіп, бірнеше нысандардың шатыры ұшып, тұрғын үйлердің қасбеті құлап,  ауладағы автокөліктерге зақым келтірді.

Бүгін таңертең дауылдың салдарын тұрғын үйлердің сыртқы келбетінен байқалды. Нұрсая ауданында ғимараттың қасбеті құлап, кірпіштер айналаға ұшып кетті. Алдын ала мәліметтер бойынша, құлаған кезде жақын маңда ешкім болмаған, зардап шеккендер жоқ.

Алмагүл ауданында тағы бір оқиға болды, онда жел ұшырып жіберген металл шатыр аулада тұрған Hyundai Elantra көлігіне құлады.

- Бүгін таңертең металл шатыр көлікке құлады, оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері келді, - деді көлік иесі.

Қатты желден №1 қалалық емхананың ғимаратына зақым келді. Ғимараттың шатыры желдің екпінімен ұшып кетті, шатырдың бір бөлігі жақын маңдағы тұрғын үйлерге қарай ұшып құлады. 

Қала көшелерінде де жарықтың электр сымдары да үзілген. Бірнеше ауданнан тұрғындар үзіліп, салбырап тұрған тоқтың сымдары адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін хабарлады.

- Ауа райының нашарлауына байланысты (жаңбыр мен қар жауып, қатты жел соғуы) жарық өшіп қалды. Жарықтың апаттық сөнуін болдырмау және электр қуаты ұзақ уақытқа созылмай, тез арада қосылуы үшін қызметкерлер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр», - деп хабарлады «Атырау Жарық» ЖШС.

Қандай зақым келгені, салдары туралы мәліметтер нақтыланып жатыр. Тұрғындардан сақ болуды, ғимараттар мен дұрыс бекітілмеген қоршау-құрылыстардың жанына көлік қоймауды және мүмкіндігінше қатты жел кезінде далаға шықпауды сұрайды мамандар. 


Айгүл МАНСУРОВА

Суреттер мен видео әлеуметтік желіден алынды

14 желтоқсан, 13:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.