
Бұл туралы Экология министрлігі 10 желтоқсанда жариялаған Қазақстан Республикасының қоршаған ортасының жай-күйі және табиғи ресурстарды пайдалану туралы 2024 жылғы Ұлттық баяндамадан белгілі болды.
Аймақтағы жер үсті суларының сапасын бақылауды «Қазгидромет» РМК алты су объектісінде (Жайық, Ембі, Қиғаш, Шарон тармағы, Перетаска және Жик) 21 бекетте жүргізді.

Кестеден көрініп тұрғандай, 2023 жылмен салыстырғанда Қиғаш өзенінің жер үсті суларының сапасы "5-кластан жоғары" деңгейден 3-класқа, Шарон тармағы - 4-кластан үшіншіге ауысты (жақсарды). Жайық, Ембі өзендерінің, Перетаска және Яик тармағының жер үсті суларының сапасы өзгеріссіз қалды.
Атырау облысының су объектілеріндегі негізгі ластаушы зат - магний.
ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өңірдегі су құбыры желілерінің ұзындығы 5 622,6 км құрайды, оның 102 шақырымы жөндеуді қажет етеді. 2024 жылы тұтынушыларға жіберілген су көлемі 52 070,8 мың текше метрді құрайды.

Атырау облысындағы 155 елді мекеннің 146-сы орталықтандырылған сумен жабдықталған. 2024 жылы 15 ауылда су тазарту құрылыстары қайта жаңартылды. Атырау тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жалпы ұзындығы 72,5 шақырым болатын су құбыры желілерінің 35 учаскесіне күрделі жөндеу жүргізілуде.
2024 жылы су бұру көлемі 13 482,4 мың текше метрді құрады. 2023 жылы кәріз желілерінің ұзындығы - 508,4 км, оның 52 шақырымы тозған.
Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ
В Атырау +3