Атырау, 12 желтоқсан 10:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 520.02
€ 608.79
₽ 6.57

657 миллионға «құмға төселген асфальт»: Балықшы тұрғындары Қожақаев көшесіндегі кемшіліктерді байқады

73 рет қаралды

Балықшы ықшам ауданының тұрғындары Қожақаев көшесіндегі жолды жөндеу кезінде технологияның бұзылғанын мәлімдеді. Олардың айтуынша, мердігерлер жолдың негізгі бөлігін дайындамай асфальт төсеп жатыр және болашақ жабынның сапасы күмән тудырып тұр. 

Қала тұрғындары асфальт-бетон қоспасы битумдық қабатсыз тікелей құмның үстіне түсіріліп жатқанын айтады. Тұрғындардың өздері түсірген фотосуреттер көрсетілгеннен кейін "Ақ Жайық" редакциясы Атырау әкімдігіне ресми сауал жолдады.

Ресми жауапта жобаны жүзеге асырудың нормативтік мерзімі төрт айды құрайтыны, алайда инженерлік коммуникацияларды ауыстыру қажеттілігіне байланысты жұмыстардың ұзартылғаны нақтыланады. Бұл жұмыстар бастапқы жобада ескерілмеген және қосымша тексеру мен келісуді қажет еткен. 

Әкімдік қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі қолданыстағы заңнама шеңберінде мердігердің қызметіне тексеру жүргізіп жатқанын хабарлады. Тексеру нәтижелері бойынша қосымша түсініктеме беруге уәде етілді.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын 2026 жылдың екінші тоқсанында аяқтау жоспарлануда. Көшеде жаяу жүргіншілер жолдарын, нөсер науаларын және жарықтандыруды жабдықтау жалғасып жатыр. Атырау әкімінің орынбасары Марат Мұқасов 2025 жылғы 21 мамырдағы шарт бойынша жобаның құны 657 миллион 738 мың теңгені құрайтынын, оның ішінде орындалған жұмыстар актілері бойынша 243 миллион 894 мың теңге игерілгенін хабарлады.

Мердігер мемлекеттік сатып алу порталы арқылы таңдалды. Әкімдікте жобаны жүзеге асыру барысында жобалық-сметалық құжаттамаға түзету жүргізілмегенін айтты. 

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

Айгүл МАНСУРОВА

суретті түсірген тұрғындар және Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

Бүгін, 10:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.