Атырау, 11 желтоқсан 18:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 518.39
€ 603.09
₽ 6.68

QazaqGaz-да жаңа тағайындаулар болды

68 рет қаралды

QazaqGaz ұлттық компаниясының басшылығында кадрлық өзгерістер болды. 

Басқарма төрағасының бірінші орынбасары болып Ақбар Төлегенов, ал өндіріс бағытын басқаруға Абзал Қисметов тағайындалды.

Ақбар Төлегенов Ұлыбританиядағы Warwick Business School, University of Warwick оқу орнын тәмамдаған. Менеджмент бойынша ғылым бакалавры, маркетинг және стратегия бойынша ғылым магистрі, сондай-ақ MBA дәрежелері бар. Ұлыбританиядағы CWC School of Energy оқу орнында «Мұнай-газ келісімшарттары бойынша келіссөздер жүргізу» бағдарламасынан өткен.

Еңбек жолын 2008 жылы Қарашығанақ жобасында келісімшарт инженері қызметінен бастады. Pietro Fiorentini S.p.A, Hinduja Group компанияларында жұмыс істеп, «Лизинг Групп» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болған.

«QazaqGaz» АҚ-да басшылық лауазымда 2022 жылдың сәуір айынан бері қызмет етеді.

Абзал Қисметов жаңа тағайындауға дейін «Интергаз Орталық Азия» АҚ бас директорының орынбасары қызметін атқарған.

1999 жылы Атырау мұнай және газ институтын «Мұнай және газ өндіру машиналары мен жабдықтары» мамандығы бойынша «инженер-механик» біліктілігімен тәмамдаған. 2004 жылы аталған оқу орнында магистратура мен аспирантураны аяқтап, «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» бағыты бойынша дәрежесін алған.

2022 жылы «Назарбаев Университетінде» Executive MBA бағдарламасы бойынша магистр дәрежесін алды.

Қисметов еңбек жолын «Прикаспийбурнефть – Қазақстан» ЖШС-де инженер қызметінен бастап, машинисттен басшылық лауазымдарға дейін көтерілген.

Бүгін, 17:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.