Атырау, 11 желтоқсан 18:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 518.39
€ 603.09
₽ 6.68

Алматыда интернет-дүкен арқылы есірткі таратқан қылмыстық схема әшкереленді

38 рет қаралды
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz

Алматыда интернет-дүкен арқылы есірткі таратқан қылмыстық желі әшкереленді, - деп хабарлайды Polisia.kz. 

Алматы қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы ІІМ-нің бейінді бөлімшелерімен бірлесіп, психотроптық заттарды интернет-ресурстар арқылы сақтап, орап және таратумен айналысқан кең ауқымды қылмыстық схеманың жолын кесті.

Жедел іс-шаралар барысында қаланың әртүрлі аудандарында бір қылмыстық тізбектің үш қатысушысы ұсталды. Әрқайсысының өз рөлі бар: бірі – есірткі заттарын бөліп қаптау мен "қалталар" дайындау, екіншісі – дайын дозаларды тасымалдау, үшіншісі – ірі партияларды уақытша сақтау. Алғаш ұсталған жас жігіт тыйым салынған заттарды бөліп-ораумен және жасырын "қалталар" дайындаумен айналысқан. 

Одан есірткі заттары, орау құралдары, электрондық таразылар және онлайн-есірткі дүкендеріне тән басқа да жабдықтар тәркіленді. Екінші күдікті — дайын дозаларды тасымалдауды қамтамасыз еткен курьер. Тексеру кезінде одан психотроптық заттар салынған орамалар, таблеткалар және әрі қарай таратуға арналған керек-жарақтар табылды. 

Оның тапсырмаларды мессенджер арқылы анонимді куратордан алғаны, ал есеп айырысудың криптовалюта арқылы жүргізілгені анықталды. Үшінші фигурант — есірткінің едәуір бөлігін сақтайтын тұлға. Одан ондаған сатуға дайын орамалар тәркіленді. 

Полицейлер оның есірткіні қабылдап, уақытша сақтайтын, яғни интернет-дүкеннің "аралық қоймасын" ұйымдастырғанын анықтады. 

- Олардың әрекеттері келісілген және Алматы аумағында психотроптық заттарды кең ауқымда таратуға бағытталған. Дер кезінде атқарылған жедел шаралардың нәтижесінде бұл желінің қызметі толық тоқтатылды. Өзге қатысушыларды анықтау жұмыстары жалғасуда, — деді Алматы қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев. 

Барлық эпизодтар бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Полицейлер күдіктілердің өзге интернет-дүкендермен және қала аумағында есірткі тарату фактілерімен байланысын тексеріп жатыр.

Бүгін, 17:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.