
Бұл туралы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі 10 желтоқсанда жариялаған Қазақстан Республикасындағы қоршаған ортаның жай-күйі және табиғи ресурстарды пайдалану туралы 2024 жылғы Ұлттық баяндамадан белгілі болды.
Атырау облысы экология департаментінің мәліметінше, Атырау қаласындағы ластанудың негізгі көздері мұнай өңдеу және тасымалдау объектілері болып отыр: АМӨЗ, Теңізшевройл, NCOC, Атырау ЖЭО, Ембімұнайгаз, "West Dala" ЖШС. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша 2024 жылы стационарлық көздерден атмосфераға шығарылатын ластаушы заттардың көлемі 152,8 мың тоннаны құрады.

Атап өтсек, шығарындылар көлемі 2022-2024 жылдары ұлғайғанын атап өтеміз. Ал кәсіпорындардың қоршаған ортаны қорғауға жұмсайтын шығындары 2023 жылдан бастап төмендеп келеді.

Атмосфералық ауаның ластануына жылжымалы объектілер, ең алдымен автокөліктер айтарлықтай үлес қосып отыр. 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін Атырау облысында 158 052 автокөлік тіркелген. Бұл ретте жеңіл автокөліктің 51,3%-ы пайдаланылғанына 10 жылдан асады.
2024 жылы "Қазгидромет" РМК атмосфералық ауаның жай-күйін 6 бақылау бекетінде бақылау жүргізеді: қолмен сынама алу 2 бекеті және 4 - автоматты. Жалпы қала бойынша ауаның сапасы 16 көрсеткіш бойынша анықталады: қалқыма бөлшектер (шаң), қалқыма бөлшектер РМ-2,5, қалқыма бөлшектер РМ10, күкірт диоксиді, көміртегі оксиді, азот диоксиді, азот оксиді, аммиак, күкірт сутегі, озон, фенол, формальдегид, бензол, толуол, этилбензол және ортоксилол.

Атмосфералық ауаның ластануын төмендету шаралары
Өңірде шығарындыларды бақылаудың жаңа технологиялары мен автоматтандырылған жүйелері (АБЖ) енгізілуде. АБЖ бес табиғат пайдаланушыда орнатылады: Атырау ЖЭО, "АМӨЗ" ЖШС, "Теңізшевройл" ЖШС, "KPI" ЖШС және NCOC. Қазіргі уақытта KPI-ді қоспағанда, төрт кәсіпорын "Қоршаған ортаның жай-күйі және табиғи ресурстар туралы ұлттық деректер банкі" ақпараттық жүйесіне АБЖ деректерін тестілік режимде ұсынуда.
Өңірді газдандыру
2024 жылғы жағдай бойынша облыс аумағында газдандырылмаған 16 елді мекеннің 6-уін газдандыру бойынша құрылыс жұмыстары аяқталды. Нәтижесінде облыстың газбен қамтамасыз етілу деңгейі 99,9%-ға жетті. Қалған 10 елді мекенді газдандыру олардың шалғай және бытыраңқы орналасуына байланысты экономикалық тұрғыдан тиімсіз деп танылды. Олардың тұрғындары сұйық, қатты және отынның өзге де түрлерін пайдаланады.
Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ
В Атырау -6