Атырау, 11 желтоқсан 21:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 518.39
€ 603.09
₽ 6.68

Атыраудағы бұрынғы көші-қон полициясының ғимараты бүкіл үйді жылусыз қалдырды

Бейнежазба
175 рет қаралды

Тұрғындар Авангард-2, 23Б мекенжайындағы бос тұрған үйдің кесірінен бір жылдан бері апатты жағдайлар орын алатынына шағымданды. Алдымен кәріз желісі, содан кейін су құбыры, енді міне аязда жылу жарылып, 81 пәтер түгелдей жылусыз қалды. Пәтер иелері бұл үй кімнің теңгерімінде екенін анықтап, тәртіп орнатуды талап етіп отыр. 

Тұрғындардың айтуынша, күн суытқан сайын жаңа коммуналдық мәселе туындайды. Ал бұрын көші-қон қызметі орналасқан ғимарат ұзақ уақыттан бері қараусыз қалып, оған көптен ешқандай қызмет көрсетілмейді. 

- Біз шаршадық, үнемі коммуналдық қиындықтан көз ашпаймыз. Күн суыта салысымен қайтадан сол мәселе туындап, бүкіл үй жылусыз қалды. Біз бұл үйге кім жауапты екенін білмейміз, - дейді тұрғындардың бірі.

- Онда ешкім келмейді, ештеңе тексерілмейді. Ал біз, бүкіл үй тұрғындары болып соның зардабын шегіп отырмыз. Жай ғана теңгерім ұстаушыны атап, мәселені шешуді сұраймыз, - деп қосты өз ойын екінші тұрғын.

Тұрғындар қалалық қызметтерден нысанның кімге тиесілі екенін және оған неліктен тиісті түрде қызмет көрсетілмейтінін анықтауды сұрайды. "АЖ" қала әкімдігінен жауап күтіп отыр. 

Айгүль МАНСУРОВА

Бүгін, 15:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.