
Түнде 112 пультіне Атырау қаласы Авангард ықшамауданы, №36 бес қабатты тұрғын үйдің 1-қабатындағы пәтерде өрт шыққаны туралы хабар түсті.
Оқиға орнына ТЖМ күштері жедел жетті.
Ведомствоның мәліметі бойынша, өрт сөндірушілер саты арқылы құтқару қалпақтарын пайдалана отырып, оның ішінде екі бала бар 7 адамды құтқарып, оларды одан әрі тексеру үшін жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды.
Сонымен қатар автосатының көмегімен тағы төрт адам құтқарылды, олардың ішінде бір бала бар. Сонымен барлығы 11 адам өрттен аман-есен құтқарылып, қауіпсіз жерге шығарылды.
Әлеуметтік желіде қолында кішкентай баласы бар әйел түтінге тұншығып, балконда қалып қойғаны көрсетілген видео жарияланды. Видеода әйелдің көмек шақырып, қорыққан баласын өбектеп жатқаны көрінеді.
Өрт толықтай сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
В Атырау -2