
Тоғызыншы мектепте 9 желтоқсан күні таңертең сабақ емес, дүрбелеңмен басталды: белгісіз біреу ғимаратта жарылғыш құрылғы қойылғанын хабарлады.
Полиция аумақты қоршауға алды, бірақ жарылғыш құрылғы табылмады.
Атырау облысының Полиция департаменті жалған хабарлама беру дерегі бойынша тергеу басталғанын хабарлады. Қазақстанда мұндай әрекеттер үшін жауапкершілік ҚР ҚК 273-бабында жазылған. Террористік акт туралы көпе-көрінеу жалған хабарлама үшін бес мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға, түзеу жұмыстарына, бас бостандығын шектеуге немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
В Атырау -4