AZATTYQ.ORG. «”Бұзақылық” пен “тіл мәселесі” тағы қатар шықты» - Ақпарат құралдарының жазуынша, бұл жолы SCAT әуекомпаниясының тіл саясатына экс-шенеунік наразы болған. Дау ақыры жолаушының стюардессаны тебуіне ұласқан.
«Қашағандағы апаттың себебі мен зардаптары» - Сарапшылар Қазақстанның ең ірі кеніші - Қашағандағы мұнай өндіруді тоқтатуға әсер еткен апат туралы пікір айтты.
SERKE.ORG. «Бергей Рысқалиевтің артында қалған “мұрасы”» - Қазір халықаралық іздеуде жүрген облыстың бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтен жаңа әкімге «мұраға» қалған Атырау облысындағы құрылыс нысандарын салу барысында кеткен қаржылық бұзушылықтар шамамен Т10 млрд-қа жетті, деп мәлім етті Атырау облысының жаңа әкімі Бақытқожа Ізмұхамбетов.
«Болат Әбілевтің абыройы айрандай төгілді» - «Саясаттан кеттім, енді кітап жазып, кино түсірем» деген сыңайда сөз айтып, оппозицияшыл қауыммен қоштасып кеткен Болат Әбілев 26 қыркүйек күні өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазба жариялады.
«“Жас қазақ” «Нұр Отанның» жетекшісі Бауыржан Байбекті тергеді» - Алдағы айда «Нұр Отан» партиясының кезекті құрылтайы өтеді. Дүбірлі жиын қарсаңында партия Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек тілшімізге бұл жолғы құрылтайдың ерекшелігі мен ұйым алдында тұрған асқаралы міндеттері жөнінде әңгімеледі.
ULT.KZ. «Қажымұқан ұрпақтары» - Дүниенің төрт бұрышына мәшһүр болып балуандығымен танылған белгілі Күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлы жайлы сонау 1985 жылдан бері қарай жаза бастадым.
«Министрдің туыстары қалай босанып жүр екен?» - Халыққа көрсетілетін медициналық көмекті жақсарту үшін жыл сайын осы салаға бөлінетін қаржының көлемі ұлғайып келеді.
AIKYN.KZ «Қазақстанның рейтингі тағы көтерілді» - Атлант мұхитының ар жағынан жақсы хабар жетті: жаһан елдерін аузына қаратқан атақты Moody's халықаралық агенттігі Қазақстанның рейтингін көтеру туралы шешім қабылдады!
«Үкіметтік емес ұйымдардың құзіреті кеңейеді» - Азаматтық секторды біраз өзгерістер күтіп тұр. Себебі үкіметтік емес ұйымдар туралы заң жобасында «ҮЕҰ-лерге қаржылық қолдау көрсетіліп әрі сыйақы беріледі» деген уәде бар.
ANATILI.KZ. «Денсаулық енжарлықты көтермейді» - Қазір не көп, аурудың түрі көп. Ашық-шашық жүретін бойжеткендеріміз кіндігіне, мұрнына сырға тағудың нәтижесінде, ал қасын, шашын түзеп, бояймын, денесіне ине піспектеп татуаж жасатамын деп жүріп ауру жамап алып жатқан сәнқойларымыз қаншама?!
ALASHAINASY.KZ. «Біз сахнаны дарынсыздардан тазартып, шын әншілердің бағын жағуды көздейміз» - 5 миллион теңгенің толыққанды иесі атану әрі ең соңғы техникамен жабдықталған студияда ән жинағы жазылуы кез келген әншінің арманы ғой. Алайда ол мүмкін бе? Әрине, әбден мүмкін, егер сіз «Қазақстан дауысы» жобасының жеңімпазы атансаңыз.
«Конвергентті БАҚ-қа қадам жасайтын кез жетті» - Адамзат өмірінде сәт сайын жаңарып, түрленіп жатқан ақпараттық технологиялар жетістіктері дәстүрлі БАҚ-тың әмбебап тұрпатқа айналуына әкелсе, ал журналшы қауымның бесаспап маман болуын талап етеді.
JASQAZAQ.KZ. «Жалға алды, жалпағынан басты» - Зымыран ұшырылымына ресми рұқсат беретін құзырлы мекеме – Қазақстанның Қоршаған ортаны қорғау министрлігі болса, бұған дейін «мен әзірге ештеңе айта алмаймын» деп келген министріміз Нұрлан Қаппаров бір күн ішінде ғана комиссия жұмысын тәмамдап, рұқсатын берді.
«Даланың дара қызғалдағы» - Ән мен сұлулық бәйгесінің тәжін қоса киген Алаштың ай маңдайлы аруы, жер шарындағы ең әдемі әйелдердің бірі, Ұлыбританияда өтетін жыл сайынғы «Әлемнің әйгілі әйелдері» атағын алған мегажұлдыз, қазақ ханымы Роза Бағланованың өмірден озғанына екі жарым жылдан асты. Жаратқан оған талант және ұзақ, бақытты өмір берді.