Атырау, 8 желтоқсан 15:44
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Аңшылықтағы қайғылы оқиға: Қызылқоға ауданында кісі өлімі тіркелді

132 рет қаралды
ChatGPT жасаған сурет
ChatGPT жасаған сурет

6 желтоқсанда түнде Қызылқоға ауданындағы Жасқайрат ауылынан 30 шақырым қашықтағы Аққора елді мекені тұсында аңшылыққа шыққан 36 жасар ер адам байқаусызда 39 жастағы серіктесін атып алған, ол сол жерде мерт болған.

Қызылқоға ауданы полиция бөлімі адам өлтіру дерегімен қылмыстық іс қозғады. Күдікті қамауға алынды. 

Полиция хабарлағандай, кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Бүгін, 12:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.