Атырау, 8 желтоқсан 10:46
 бұлттыВ Атырау +2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Атырау облысында құтқарушылар далада батпаққа батқан көлікті шығарып алды

115 рет қаралды

Атырау облысы Жылыой ауданында төтенше жағдай орын алды: алты адаммен жолға шыққан көлік қаладан 250 шақырым қашық жерде далалықта батпаққа тап болып, шыға алмай қалған.  

Екі жолаушы 112 пультіне хабарласатын байланыс сигналын ұстау үшін жаяу шығуға мәжбүр болған. 

Хабарлама бойынша құтқарушылар жедел шығып, заианауи жол талғамайтын техникасымен іздестіру-құтқару жұмыстарын бастады. Құтқарушылар батпаққа батқан көлікті тауып, жолаушыларды қауіпсіз жерге жеткізді. Сонымен бірге жаяу кеткен екі адам да аман-есен табылды.  

Көлік құралы да қауіпсіз жерге шығарылды. 


Бүгін, 09:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.