Атырау, 5 желтоқсан 14:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырау облыстық перинаталдық орталығында госпитальдық фармация бөлімшесі ашылмақ

48 рет қаралды

Жөндеу жұмыстары сметалық құжаттамаға сәйкес іске асырылуда. Жоба бойынша келісімшарт 10 қарашада рәсімделген.

Негізгі деректер:

  • Жоспарланған сома: 6 198 182,15 теңге
  • Келісімшарт құны: 4 958 545,72 теңге
  • Мердігер: «CASPIAN TOOL GROUP» ЖШС
  • Тапсырыс беруші: Атырау облыстық перинаталдық орталығы

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, осындай бөлімшенің құрылуы Денсаулдық сақтау министрлігінің реновациялау жобасы бойынша қарастырылған. ың Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін перинаталдық орталықта госпитальдық фармация бөлімшесі ашылып, дәрілік препараттарды сақтау, бөлу және қолдануды бақылау процесі бір орталықтан басқарылатын болады деп күтілуде.

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі бұл туралы төмендегідей түсініктеме берді:

«Денсаулық сақтау министрлігінің облыстық перинаталдық орталықтарды реновациялау жобасы бойынша перинаталдық орталықта міндетті түрде болуы қажет бөлімшелердің бірі-госпиталдық фармация бөлімшесі.  Бұл дәрі дәрмектерді тиімді қолдану, дәрілердің қауіпсіздігін сақтау мақсатында бір жерден орталықтандыруға арналған. Министрліктің тапсырмасын орындау мақсатында госпиталдық фармация бөлімшесін ашу үшін перинаталдық орталық ішінен бөлмелер бөлініп, жөндеу жұмыстары жасалды».

Айнұр САПАРОВА

Бүгін, 11:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.