
24-26 қараша аралығында Түркіменстан астанасы Ашхабад қаласында Каспий маңындағы бес мемлекеттің өкілдері Каспий теңізінің су биоресурстарын сақтау, ұтымды пайдалану және олардың бірлескен қорларын басқару жөніндегі комиссияның 9-шы сессиясында кездесті (Каспий комиссиясы), ол Каспий теңізінің су биоресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану туралы келісімді жүзеге асыру үшін құрылған болатын (Астрахань, 2014 ж. 29 қыркүйек).
Сессия барысында тараптар дәстүрлі түрде бірлескен су биоресурстарын кәсіпшілікпен жүзеге асыруды, олардың қорларының жай-күйі бойынша ғылыми зерттеулердің нәтижелерін, елдердің өткен жылғы су биологиялық ресурстарын жасанды жолмен көбейту және қорғау саласындағы жетістіктерін, келешекке арналған жоспарларды талқылады.
Тараптар 2024 жылы су биоресурстарының квоталарын игеру, жасанды жолмен көбейту және балық қорларын қорғау жөніндегі іс-шаралардың қорытындысы, сондай-ақ жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша есептер ұсынды, жасанды жолмен көбейтуді жүзеге асыру кезінде бекіре тұқымдас балық түрлерінің шабақтарын бірлесіп шығару мәселелері талқыланды, бекіре түсірілімін бірлесіп жасау туралы келісімдер расталды, 2026 жылға арналған бірлескен су биоресурстарын аулау көлемі келісілді.
Кездесудің негізгі қорытындысы:
- — бекіре тұқымдас балық түрлерін коммерциялық аулауға тыйым салуды 2026 жылға дейін ұзарту және бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығы мен етіне экспорттық квоталарды белгілемеу. Алдағы жылы бекіре тұқымдас балық түрлерін аулау бұрынғысынша тек ғылыми-зерттеу мақсатында және жасанды жолмен көбейту мақсатында жүзеге асырылатын болады;
- — Каспий маңындағы мемлекеттер Каспий теңізінің ортақ кеңістігі үшін балық аулаудың бірыңғай қағидаларын құруды жоспарлап отыр. Бұл бірлескен су биоресурстарының қорларын неғұрлым ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге және балық қорғау іс-шараларының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді;
- — жасанды жолмен көбейту бойынша көп жылдық күш-жігердің арқасында орыс бекіресінің санының тұрақтағаны байқалады, қортпа мен бекіре популяциясына қолдау көрсетіледі.
В Атырау -1