TURKYSTAN.KZ. «Колеровті алматыға кім шақыртты?» - Саяси арандатушылар елімізге әдейі шақырылатын сияқты. Ресейдің «Regnum» баспа үйінің президенті, Еуразиялық одақтың басты жоқтаушыларының бірі – Модест Колеровті Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірі – KIMEP (КИМЭП) лекция оқуға шақырыпты.
«Қазақта күрескерлік қасиет кемшін» - «Бізден басқа ешқандай елдің ұлттық тілі бүгінгідей сорақы күй кешіп отырған жоқ. Сол себепті де «Мемлекеттік тіл – басты тіл!» дегенді талап ететін кез жетті. Мемлекеттік тілді менсінбегендер қызмет етпесін».
«Он бір түрік – бундестагқа депутат» - Бір кездері немістер жеріне нәпақа табуға келіп, осында тұрақтап қалған, бүгінде Германия азаматтығын алған түрік бауырлардың саны артқанына біз де қуандық.
MAIDAN.KZ. «Маңғыстаудың мұнайына кімдер иелік етеді?» - Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы мұнай қоры жөнінен әлемде 10-орынды, ал мұнай өндіру көлемі бойынша 11-орынды иеленеді. Тәуелсіз Қазақ елі соңғы жылдары 80 млн. тоннадан кем мұнай өндіріп отырған жоқ. Сөйтіп, жыл сайын осыншама көлемде «қара алтын» өндіреміз. Еліміздегі 16 млн. астам халық үшін бұл – мол қаражат.
«Мәдениет министрлігіндегі мәдениетсіздік» - Өмір көрмеген, адами қатынас сырын ұғынуға машықтанбаған, үлкен мен кішінің ара жігін ажыратуға әлі әдет ала қоймаған осындай жастар қазір билік тізгінін алса, онда ертең деген ұғымның аласарғанын пайымдау қиын емес.
«“Тұрсынбек монологтарында сатира жоқ...”» - Сатираны кім көрінгеннің «ермек» етуіне болмайды. Көрерменді арзан, жыртақай күлкімен алдай алмайсыз. «Ермек» етіп жүргендер болса, Тұрсынбектің өміршең әзілдерінен үйренсін!
SERKE.ORG. «“Аңқау елге арамза молда”». “Kaspi bankтің” керегі бар ма?» - «Kaspi bank» монополияға қарсы заңнаманы бұзып, басқа банктердің беделіне нұқсан келтіретін жарнама таратып жатыр.
«Әбілязовтың француз түрмесінен шығуы мүмкін бе?» - «Мұхтар Әбілязовты мүмкін болатын қамаудан босату туралы мәселе бойынша үкім 3 қазанда жария етілетін болады.
AIKYN.KZ «Қытай қазақ мұнайына аса зәру» - «Аспанасты елі» қанша қазақ мұнайын астына басты? Ұлтжанды азаматтардың бәрін осы мәселе толғандырса керек. Сарапшылардың бағалауынша, шығыстағы алпауыт көршіміздің үлесі 40 пайызға жетіп қалыпты.
«Латвия – Қазақстан үшін Еуроодақ қақпасы» - Еуроодақ мүшесі болып табылатын Латвия ЕО-ның стратегиясын Орталық Азияда жүзеге асыру және аймақ елдерімен барынша тығыз байланыс орнатуға ұмтылып отыр.
ZHEBE.COM «Кім қас, кім дос? ойлан қазақ!» - Алайда, ешкім қазақтарға осы «Мырзажанның» қазақты жоюды жалғастырғанын айтпады. Біз бүгін осы жай туралы айтамыз. Дәлірек айтқанда, тек қана әлгі Мирзоянның өзі қазақ халқын жоюды жалғастырғанын дәлелдейтін бір ғана құжатты ұсынамыз.
«Перуашев Ресейге өкпелі» - Шенді шекпенділерді айтпағанда Мәжіліс немесе сенат депутаттарының өзі Кедендік одақтың келісімдеріне қарсы шығып, ерлік танытқан емес.
«Қырғыздан көлік әкелгенше, басым бәлеге қалды деңіз....» - Қырғыздық нөмірлермен ұсталып, айыппұл тұрағына қойылған көліктер сот шешімімен тартып алынуы мүмкін.
AZATTYQ.ORG. «Қауіпті вирус шығып қажылыққа бармау ескертілді» - Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі ел азаматтарын Таяу Шығыста тараған қауіпті вирусқа байланысты Сауд Арабиясына бармай тұра тұруға шақырды. Әзірше бірде-бір адам сапардан бас тартпаған.
«Тағы бір оппозициялық газет қызметі тоқтатылды» - Оппозициялық «Правда Казахстана» газетінің қызметі қайта тоқтатылды. Бұл басылымға биыл осымен үшінші рет жаза қолданылды.
BAQ.KZ.«Шетелдік 9 компанияда жалақы айырмашылығы анықталды» - « - Біз биыл шетелдіктердің үлесі бар 25 компанияда кезектен тыс тексеріс жүргіздік. Нәтижесінде, тоғыз компанияда мұндай проблема көрініс бергендігі тікелді. Яғни, отандық және шетелдік мамандар алатын жалақы арасындағы айырмашылық бар екендігі анықталды».