Атырау, 19 желтоқсан 22:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

Атырауда қоқыс алаңшалары мен контейнерлер жаңартылып жатыр

275 рет қаралды

Атырауда қоқыс алаңшаларын жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Қала аумағындағы 100 нүктеде орналасқан алаңшалар қайта жаңғыртылуда.

Алаңшалар арнайы берік материалдардан құрастырылып, төбесі жабылады. Сонымен қатар қоқыстың сыртқа шашырауын болдырмау үшін алаңдар торлармен жабылуда.

Қаладағы қоқыс контейнерлерін жаңарту бойынша да жұмыстар басталды. 1000 дана жаңа контейнерге тапсырыс беріліп, оларды орнату процесі қолға алынды.

Бұл жұмыстар қаланың санитарлық жағдайын жақсартып, экологиялық ахуалға оң әсер етеді.

2 желтоқсан, 01:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.