Атырау, 18 желтоқсан 23:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«Қашағаннан мұнай өндіру бірнеше күнге тоқтатылды». «"Братан" айтса, "протон" ұшады». «Саясатпен қоштаса алмайсың». «“К.Мәсiмовтiң отставкаға кетерiн анық бiлгенмiн”». «Шетке кеткен 138 млрд доллар қайта ма?». «Медициналық қалдықтар қайда кетіп жатыр?».

2 142 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Қашағаннан мұнай өндіру бірнеше күнге тоқтатылды» - "Каспийдің Қазақстанға тиесілі бөлігіндегі Қашаған кенішінен мұнай өндіру апатқа байланысты бірнеше күнге шегерілді" деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

«АҚШ-Ресей келісімі Асад режимін күшейте ме?» -  Осы апта БҰҰ жиынында Сирияның химиялық қаруын жою туралы АҚШ-Ресей келісімі талқыланды. «Бұл келісім Асад режимін күшейтеді» деген болжам айтушылар көбейді.

«Доллар дүрбелеңінен соң сұраныс әлі жоғары» - Қазақстанда доллар бағамы біртіндеп көтерілген кезде «девальвация болады» деген сыбыс шығып, жұрт айырбас пункттеріне жүгірді. Тамыз айында 2 миллиардқа жуық доллар сатылған.

ZHASALASH.KZ «"Братан" айтса, "протон" ұшады» - Байқоңырды бабасынан қалған мұрадай көретiн “Роскосмос” Қазақстанның келiсiмiн күтпей-ақ зымыранын зуылдатқалы жатыр. Атын естiгенде Алаштың жүрегi зырқ ете қалатын “Протонның” кезектi ұшырылымы қыркүйектiң 30-ына жоспарланған.

«Саясатпен қоштаса алмайсың» - Саясаткер Болат Әбiлевтiң өзiне қатысты шешiмi қалың қауымды бейжай қалдырмады. «Мұнысы қалай?» дейтiн сұрақтарға тұщымды жауап керек.

«Мәскеулiк матушкалар және астаналық аналар алатын жәрдемақы, қосымша көмек айырмасы жер мен көктей» - Қазақстан ресейше демографиялық ахуалды өсiруге құлшына кiрiссе, халықтың өсiмiн ойласа бүгiнгiдей мардымсыз жәрдемақымен елдi мүсiркемес едi.

«Жат жұртқа сатылған жетiмектерiмiз кейiн өзiмiзге кектенбей ме?» - “Ақпарат құралдары арқылы тараған жағымсыз хабар бүкiл қоғамды дүр сiлкiндiрдi. Әлеуметтiк желiлерде жетiм балаларды сату және айырбастау туралы жарнама берiлiп, таратылған хабарландырулар әшкере болды.

«Бос кеңiстiк» - 2000 жылдардың басында халық арасында аса танымал және кең қолдауға ие болған демократиялық күштердiң әл­сiреуi неге апарып соқпақ? Бос кеңiстiкте қоғамдағы наразылық көңiл күйдi басқара алатын қандай саяси ойыншы пайда болмақ? Бұл жайындағы пiкiр әрқилы.

«“К.Мәсiмовтiң отставкаға кетерiн анық бiлгенмiн”» - “Бар-жоғы бiр жыл ғана президент әкiмшiлiгiн басқарып, тура осы қызметке қабылданған күнi отставкаға кеткенi қызық екен. Соңғы уақытта президенттiк ортадан шеттеп қалғандай жұрт алдына шықпай қойып едi”.

ALASHAINASY.KZ «Қызылмияның қызығын қашанғы Қытай көреді?!» -  1970 жылдары Қазақ­стан­дағы қызылмия өсiмдiгiнiң қо­ры 50 мың гектарға жетiп, 100 мың тоннаны құраған. Ал 1990 жылдары оның алқабы 30 мың гектарға азайып, өнiм қоры 70 мың тоннаға дейiн кемiген.

«Шетке кеткен 138 млрд доллар қайта ма?» - Қазақстаннан шетел асқан қисапсыз қаржының сұрауы Мәжілісте жасалды. Төменгі палатада дабыл қаққан «ақжолдық» Азат Перуашев «Еуропа банктеріне жеке тұлғалардан құйылған қаржыны қадағалауды құзырлы орындар жүргізуі шарт» деп, төтеден сауал жолдады.

«Медициналық қалдықтар қайда кетіп жатыр?» - Қаперден шығып, көзден таса қалған бір мәселе бар. Ол – медициналық қалдықтардың жағдайы. Әдетте тұрмыстық, өндірістік қалдықтар туралы аз айтылмайды. Есесіне, зияны мен залалы зор медициналық қалдықтардың «тағдыры» туралы әңгіме аз.

AIKYN.KZ «“Үш пайыздық квота” қашан іске асады?» - Қазіргі таңда Қазақстанда 570 мыңға тарта мүмкіндігі шектеулі азамат болса, соның тек 17 пайызының тұрақты жұмысы бар.

NUR.KZ.  «АҚШ-тың Қазақстаннан асырап алған балалар саны 6600-ге жетті» -Қазақстандық балаларды АҚШ азаматтарының асырап алу мәселесін талқылау үшін АҚШ Мемлекеттік департаментінің балалар мәселелері жөніндегі арнайы кеңесші Сьюзен Джейкобс елімізге арнайы келді.

BAQ.KZ  «Мұнайдың үстінде отырып, жанармай тапшылығынан қашан құтыламыз?» - Бүгін ұсынып отырған Заң жобасын мен толықтай қолдаймын. Алайда, Келімісшартта Қытайға мұнай берумен қатар, біз ол жақтан жоғары сапалы жанармай сатып алуымыз керек екен. Сонда біз қай уақытқа дейін сапалы жанармайға тәуелді боламыз?

26 қыркүйек 2013, 15:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.