Атырау, 19 желтоқсан 22:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

​Кремация жасар алдында әйел тіріліп кетті

183 рет қаралды

Таиландта 65 жастағы әйел кремация басталар сәтте өз табытында тіріліп, есін жиып қалған. Храм қызметкерлері табыт ішінен шыққан дыбысты естіп, қақпағын ашқанда әйелдің қимылдап, көзін ашуға тырысып жатқанын көрген, деп жазады newsroom.kz.

Марқұм деп ойланған әйелдің ағасының айтуынша, ол екі жыл бойы төсек тартып жатқан, ал бірнеше күн бұрын тіршілік белгілерін көрсетпей қойған. Ер адам оны Бангкокқа апарып, өз еркі бойынша органдарын донор ретінде беру тілегін орындамақ болған. Алайда өлім туралы анықтама болмағандықтан, аурухана денені қабылдаудан бас тартқан.

Оқиғадан кейін храм қызметкерлері дәрігерлерді шақырып, әйел дереу ауруханаға жеткізілді. Анықталғандай, оның қан құрамында қант көрсеткіші түсіп кеткен. Храмның қызметкері оның ем-домын өз есебінен төлейтінін мәлімдеді.

25 қараша, 10:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.